07.02.2008, 18:27 2769

Бюджет қаржысын игеру барысында және мемлекеттік бағдарламаларды орындауда сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі - Есеп комитеті

Бюджет қаржысын игеру барысында және мемлекеттік бағдарламаларды орындауда сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі - Есеп комитеті

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бюджет қаржысын игеру барысында және мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындауда сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі. Бұл туралы Есеп комитетінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша бүгін өткен кеңейтілген отырысында комитет мүшесі Зинаида Загоскина мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Есеп комитетінің бақылау нәтижесі бойынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бюджет қаржысын пайдалануда сыбайлас жемқорлық оқиғалары кездесіп отыр, ең бір өкініштісі, аса маңызды мемлектетік бағдарламалар мен инвестициялық іс-қызметті жүзеге асыруда ондай оқиғалар кездеседі. Сол себепті бұл күрестегі басты міндет, біздіңше, бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа баруға түрткі болатын себептер мен шарттарды анықтап жоюға саяды", - деді З. Загоскина.

"Маңызды жобаларды жүзеге асыруға арналған мақсатты қаржы екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге салынады, сондай-ақ, көптеген жобалар техника-экономикалық және қаржылық негіздемесіз атқаруға қабылданады".

"Мәселен, 2007 жылы осындай себеппен "Қазғарыш" АҚ атқарып жатқан "Есіл" зымыран-ғарыштық кешенін, "Сары Шаған" командалық- өлшем кешенін құру жобалары жабылған. Мемлекетке келген шығын көлемі 3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, 7 млрд астам теңге депозитте жатуға байланысты Қазақстан жеріне қашықтан зонд жүргізу жөніндегі ғарыштық жүйені құру жөніндегі инвестициялық жоба бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылмаған", -деді ол.

"Осы ретте мұндай жобалар Қазақстанға қажет пе, және ондай күмәнді жобаларға бюджет қаржысын алуға кім мүдделі деген сауал туындайды. Қазір бұл мәселемен ҰҚК айналысып жатыр", -деді З. Загоскина.

Оның пікірінше, мемлекеттік сатып алуларды жүзеше асыруда жол берілген заң бұзушылықтар көлемінің артуына баса назар аудару қажет. "Мәселен, білім министрлігінің бұрынғы басшылығы балама бола тұра 2006 жылы мемлектетік сатып алу туралы заңды бұза отырып, Байқоңыр қаласындағы алты мектеп үшін бір ғана көзден 412 млн теңгеге қазақ тіліне тәржімаланған 1-10 сыныптарға арналған ресейлік оқулықтарды сатып алған ", -деді Есеп комитетінің мүшесі.

"Басылымдырдың көлемі, таралымы, түр-тсі мен рәсімделуі сан алуан болғанына қарамастан, министрліктің қарапайым есептеріне сәйкес, әрбір басылымның құны 3,5 мың теңгеге бағаланған, ал олардың бір оқушыға шаққандағы сұранысы екі еседен артық өсірілген. Олар 2006 жылдан бері қоймада жатыр, 2-10 жыл бойы пайдаланылмайды, өйткені, оқушыларды бұл оқулықтармен оқыту 1 сыныптан бастап 2008 жылдың қыркүйегінде басталады", - деді З. Загоскина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны