23.06.2009, 12:26 1620

Бюджет кірісінің 1,5%-ға төмендеуі кейінгі 10 жылда болмаған жағдай - Омархан Өксікбаев

Бюджет кірісінің 1,5%-ға төмендеуі кейінгі 10 жылда болмаған жағдай - Омархан Өксікбаев

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бюджет кірісінің 1,5%-ға төмендеуі кейінгі 10 жылда болмаған жағдай. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бастапқы бекітілген жоспардың 4,8%-ға төмендетілуіне қарамастан, бюджет кірістері 1,5%-ға орындалмады, ал бұл - кейінгі 10 жылда болмаған жағдай", -деді Омархан Өксікбаев.

Оның мәліметінше, 2008 жылы заңды тұлғалардың корпоративтік кіріс салығының түсімі түзетілген жоспармен салыстырғанда 39 млрд теңгеге азайып, 573,8 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2007 жылғымен салыстырғанда ірі резиденттердің корпоративтік кіріс салығының түсімі де төмендеді.

"Мәселен, ""Қазақмыс" корпорациясы" АҚ, "Қазмырыш"АҚ мен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-нан", - деді Омархан Өксікбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны