29.01.2009, 12:29 1989

Бюджеттің кіріс бөлігіне 2008 жылы 4 трлн астам теңге түсті

Бюджеттің кіріс бөлігіне 2008 жылы 4 трлн астам теңге түсті

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бюджеттің кіріс бөлігіне 2008 жылы 4 трлн астам теңге түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өткен жылы 4 трлн 34 млрд теңге, немесе 99,6% кіріс түсті, өсу қарқыны 2007 жылмен салыстырғанда 139,7% құрады. Бұл орайда экспорттық баж салығын ескермегенде мемлекеттік кірістің орындалуы 92% ғана құрап, жоспардан 326,3 млрд теңге айырмашылықта, ал өткен жылғы өсім қарқыны небәрі 1,5% болар еді", - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, "мемлекеттік бюджеттен 4 трлн 373,8 млрд теңге жұмсалды, немесе өтелген несиелерді ескермегенде жоспарлы көлемнің 99% тең. Жоспарланған тапшылық - 359,5 млрд теңге болса, іс жүзінде ол 332,2 млрд теңге болды".

"Жалпы көрсеткіштер бойынша 2008 жылы мемлекеттік бюджет түсімдері несиелік түсімдерді қоспағанда 4 трлн 40 млрд теңге болды, орындалуы - 99,5%", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны