22.11.2012, 16:07 3298

"Болашақ" зауытының қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн тонна мұнай мен 6 млрд текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді

ҚР премьер-министр Серік Ахметов Атырау облысына барған жұмыс сапары барысында Қашаған жобасының тағы бір нысаны "Аджип ККО" компаниясының "Болашақ" зауытының құрылысын да аралап көрді.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - "Болашақ" зауытының қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн тонна мұнай мен 6 млрд текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министр Серік Ахметов Атырау облысына барған жұмыс сапары барысында Қашаған жобасының тағы бір нысаны "Аджип ККО" компаниясының "Болашақ" зауытының құрылысын да аралап көрді.

Зауытта "Болашақ" зауытын іске қосу жөніндегі басшысы Илібек Тасимов Үкімет басшысына зауыттың орталық басқару жүйесіндегі қызметімен таныстырып, мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық дайындығы жөнінде

баян етті. Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру барысында мұнайды сақтау және экспорттау жүзеге асырылатын болады. "Болашақ" зауытының қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн тонна мұнай мен 6 млрд текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сайып келгенде, Қашаған жобасының жүзеге асуы еліміздің мұнай өндіруші әлем елдері арасында көш бастап тұруымызға мүмкіндік береді және ел экономикасының қарышты дамуына сүбелі үлесін қосатын болады.

Мұнайлы елдегі жуырда пайдалануға берілуі күтіліп отырған ірі жобалар мен өндіріс орындарын аралаған Үкімет басшысы Серік Ахметовтың Атыраудағы жұмыс сапары отандық өнім өндіруші "Шеврон Мұнай ГазИнк" зауытының жұмысын көрумен аяқталды.

Облыста 2003 жылдан бері іске қосылып, жыл сайын өндіріс қуатын арттырып отырған "Шеврон МұнайГаз Инк" зауыты. Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асқан - полиэтилен құбырларын шығаратын "Шеврон МұнайГаз Инк" зауытында Үкімет басшысы зауыттың өндірістік цехтарын аралап, шығарылып жатқан өнім түрлерін көрді.

Зауыт жылына сумен жабдықтауға және кәріздік жүйелерге пайдаланылатын диаметрі 25 мм-ден 1200 мм-ге дейінгі 15 мың тоннадан астам полиэтилен құбырларын шығарады. Зауыт өнімдерінің барлығы халықаралық сертификатқа ие және әлемдік стандарттарға сай келеді. Бүгінде отандық тауар Атырау облысы мен өзге өңірлерге де өнімін шығарумен айналысып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны