24.11.2006, 17:55 3154

Болгарияның бизнес қауымдастығы Қазақстанмен сауда экономикалық ынтымақтастығын жалғастыруға ынталы

АЛМАТЫ. 24 қараша . Kazakhstan Today. Болгарияның бизнес қауымдастығы Қазақстанмен сауда экономикалық ынтымақтастығын жалғастыруға ынталы . Бұл жөнінде конференцияда екі елдің түрлі экономика саласы іскер орталарының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конференцияны "Қазинвест" Қазақстанның инвестицияға көмек орталығы және Қазақстандағы Болгария Республикасының елшілігі ұйымдастырып отыр.

"Біз ынтымақтастықты барлық салада дамытуды қалаймыз экономика, ғылым, мәдениет. Бұл форум -біздің ниетміздің жүзеге асырылуы",-деді Қазақстандағы Болгария Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Никола Филчев.

"Бүгінгі таңдағы ең маңызды екі жақты ынтымақтастық - энергетика саласында болмақ. Энергетикамен байланысты басты мәселе Қазақстанның қуат көзін Болгария арқылы тасымалдау мүмкіндігі", деп мәлімдеді ҚР Болгария Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Тихомир Тодоров. "Қазақстан- Бургас Александрополис мұнай құбырын іске косуға аса қажетті мұнаймен қамтамасыз ету көзі болып табылады ", дед ол.

Т.Тодоровтың айтуынша, "ынтымақтастықтың тағы бір бағыты -ол Қазақстанның NABUCCO яғни Каспий аймағынан газ құбыры құрылысы жобасына қатысуы. Жоба бойынша газ құбыры Иран, Ирак, Мысыр елінен Түркия, Болгария, Румыния, Венгрия арқылы Австрияға дейін одан әрі қарай Орталық және Батыс Еуропаға дейін тартылады".

Оның сөзіне қарағанда, Болгария компанияларының қазақстандық энергетикалық инфрақұрылымы құрылысын жүргізу, Болгариядан мүлік сатып алу, туризм, банк бизнесі саласында екі жақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен келешегі бар.

Т.Тодоровтың ақпараты бойынша, Болгарияда 11 бірлескен кәсіпорын , 100 пайыз Қазақстанның қатысуымен 8 мекеме, 3 сауда өкілдігі тіркелген. Қазақстанның экономикасына тартылған Болгария инвестициясының көлемі $12,5 млн. құрайды, оның $1 млн. ткелей инвестиция. Қазақстанда 26 бірлескен кәсіпорын және құрылыс, фармацевтика, косметика саласында 6 болгарлық сауда өкілдігі бар.

ҚР индустрия және сауда Министрлігі инвестиция жөніндегі комитеттің инвестиция қызметін реттей басқармасының бастығы Нұрлан Тоқсейітовтың мәліметінше, Болгариядан Қазақстанға тартылған тікелей ішкі инвестиция $1,7 млн. құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар -қыркүйек айларындағы тауар айналымы $19,9 млн. оның шінде экспорт- $0,68 млн.және импорт - $19,2млн. құрады.

Форумда Қазақстан тарапынан "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ және "Қазинвест" инвестицияға жәрдем Қазақстан орталығы қатысты.

Болгария тарапынан "КАД-инжиниринг", "Бизнес-контакт", "Венцеслав Савчевсин", "Экодезайн Веда", "Элпром-EMS", "Лев" Корпорациясы, "Телелинк" және басқа компаниялар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны