23.07.2014, 19:12 2619

БҰҰ Қызылорда облысының дамуына 8,7 млн АҚШ долларын бөлді

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пен БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл екі жақты келісімге қол қойды.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пен БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл екі жақты келісімге қол қойды. Иріптестік аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін зор қадам болмақ, - деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы өңірге тартылып жатқан инвестиция көлемі жыл өткен сайын артуда екендігін атап өтті.

"БҰҰ үш жылда өңірге салатын қаржысы ауылдардың тұрмысын тұзеуге жұмсалады. Бұл жұмыстарды бірлесе жүзеге асыратын боламыз", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.

Облыс әкімдігімен бірлескен бағдарламаны БҰҰ-ның алты агенттіктерінің білікті мамандары көмегімен жүзеге асыратын болады.

Ол агенттіктердің қатарында UNDP - Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы, UNESCO - Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы, UNFPA - БҰҰ Халық саласындағы қоры, UNICEF - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры, UN Women - БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы және WHO - Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кіреді.

Бұл бағдарлама Қызылордамен қатар Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.

БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, бағдарламаның нәтижесі үш жылдан соң көрінеді. Ол үшін бағдарламаның жүзеге асыруға отандық сарапшылармен бірге халықаралық мамандар тартылып, семинар, тренингтер ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны