28.02.2014, 16:57 30365

"БЖК-2020" аясында Ақмола облысында жаңа қонақ үй кешені ашылды

Жалпы, 2013 жылы бағдарламаның аталмыш бағытын жүзеге асыру үшін, Ақмола облысы бойынша республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесі 16,4 млрд теңгенің 78 жобасын қолдады.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы аясында Ақмола облысының Астраханка ауылында қонақ үй ашылды.

Жобаның жалпы құны 100 млн теңгеден жоғары, қаражаттың жартысы бағдарлама бойынша қарызға алынған.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, бұл жерде 10 тұрақты жұмыс орны мен 30 құрылыс кезінде жүзеге асады.

Жалпы, 2013 жылы бағдарламаның аталмыш бағытын жүзеге асыру үшін, Ақмола облысы бойынша республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесі 16,4 млрд теңгенің 78 жобасын қолдады.

15,1 млрд теңгенің 47 несиесі қаржыландырылды, 54,5 млн теңге құнындағы мемлекеттік грантты 14 кәсіпкер алды.

Инфрақұрылымды жүргізу үшін, кәсіпкерлік нысанына 913 млн теңге бағытталды. Сондай-ақ, 198 млн теңгенің 7 ұсынысына несие беру кепілдендірілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны