15.02.2024, 12:15 41846

БЖЗҚ зейнетақы активтерін "Эйр Астана" АҚ акцияларына салды

БЖЗҚ зейнетақы активтерін IPO аясында "Эйр Астана" АҚ акцияларына инвестициялағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысатынын хабарлайды. Оның аясында 2024 жылғы 14 ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге "Эйр Астана" АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. "Эйр Астана" АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны