09.01.2014, 20:15 3256

Cолтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту бойынша зерттеу жүргізіледі

"Облыстың статистика департаменті қызметкерлері жыл ішінде 12 мыңнан астам үйді аралауды жоспарлап отыр. Сауалнама нәтижесі келер жылы жарияланады. Бұл өз кезегінде облыста "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының қандай деңгейде орындалып жатқанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Cолтүстік Қазақстан облысында халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша зерттеу жүргізу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Облыстың статистика департаменті қызметкерлері жыл ішінде 12 мыңнан астам үйді аралауды жоспарлап отыр. Сауалнама нәтижесі келер жылы жарияланады. Бұл өз кезегінде облыста "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының қандай деңгейде орындалып жатқанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Халықтың жауабы жұмыспен қамту саласындағы статистика мен жұмыссыздық дәрежесін анықтауға көмек береді. Мысалға, жұрттың жұмыс іздеуге қанша уақыты кеткені және жұмысқа орналаса алмауының себептері айтылады. Сауалнама жүргізілетін отбасылар кездейсоқ таңдалады.

Сауалнамада барлығы 89 сұрақ болады. Сауалнамаға жауап беру 30 минутқа созылады. Сауалнама бас-аяңы 12 155 тұрғынға жасалады.

Айта кету керек, департамент қызметкерлері алынған ақпараттық құпиялылығына жауап береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны