05.02.2020, 18:53 6837

ЕАЭО елдеріне экспорт номенклатурасы 491-ден 770 тауарға дейін кеңейген

Осы өңірде негізгі сауда әріптес - Өзбекстан, тауар бөлігіндегі оның үлесі 60,3 % (2,8 млрд.АҚШ долл.), қызметтер бөлігіндегі үлесі 50,5 % (889,2 млн.АҚШ долл.) құрды.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бірінші алқасы өтті.

Министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылғы жұмыстың қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Әлемдік сауданың өзгерген және әлемнің ірі экономикалары арасында протекционистік шаралардың күшейген жағдайында сыртқы сауда саясатын жетілдіру қажеттілігі артады.

Халықаралық сауданың негізгі трендінің бірі - өңірлендіру. Ол көрші елдермен өзара тығыз қатынастар құрумен, жаңа өнімді нарыққа шығару жылдамдығын арттырумен және тұтынушыларға барынша жақын болумен байланысты.

Сондықтан Министрлік бүгінгі қатерлерді ескере отырып, өңірлік интеграцияны кеңейту арқылы сауда саясатын жаңғыртуға шоғырланып отыр.

Министр Сұлтанов мәлімдегендей, 2009 жылдан бастап Қазақстанның теңгедегі КО шегінде - 91% және ЕАЭО аясында - 84% тауар айналымының өсімі байқалады. Сонымен қатар қазақстандық өнімнің экспорты да өсуде: шикізат тауарлар бойынша ол 60 %-ға, ал өңделген тауарлар бойынша - 118 %-ға өскен. ЕАЭО құрылғаннан кейін көрсеткіш деректері тағы да 60 % және 112 % тиісінше ұлғайған (2-слайд).

ЕАЭО елдеріне экспорт номенклатурасы 491-ден 770 тауарға дейін кеңейген (СЭҚ ТН 4 белгіге). Қаралып отырған кезең (2009-2018 ж.ж.) ішінде сауда өсімінің орташа қарқыны 16% құрады.

ЕАЭО құрылған сәттен бері қызметтердің сауда көлемі теңгеде 69 % өсті. ЕАЭО елдерімен қызметтер саудасының номенклатурасы орташа 55,5 % кеңейді.

- ЕАЭО елдері арасында өңірлік сауданы кеңейту шешімдерінің бірі ретінде біз Орталық Азия елдерімен интеграцияны көреміз, - деді Министр. - Бұл 70 млн-нан астам халқы бар серпінді өңір. Соңғы үш жыл ішінде өңір экономикалары өсімінің қарқыны орташа 4,5 % құрды.

Осы өңірде негізгі сауда әріптес - Өзбекстан, тауар бөлігіндегі оның үлесі 60,3 % (2,8 млрд.АҚШ долл.), қызметтер бөлігіндегі үлесі 50,5 % (889,2 млн.АҚШ долл.) құрды. Тек өнеркәсіп тауарлары бойынша ғана экспорт өсімі әлеуеті 182,4 млн.АҚШ долл., АӨК бойынша - 69,7 млн.АҚШ долл. құрады.

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Үкіметтерінің мемлекеттік шекарада өткізу пункттерін қайта жарақтандыру және реконструкциялау бойынша жоспарларын ескеріп, өңіраралық сауда дамитын болады.

- "Қорғас" ШЫХО баламасы ретінде Өзбекстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық орталығын құруды үдететін боламыз, - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны