21.05.2014, 22:47 3539

ЕАЭО-ның құрылуы Қазақстан өндірісінің дамуына мүмкіндік береді - Н. Мұқанов

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы Қазақстан өндірісінің дамуына жаңа мүмкіндіктер береді, деп Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов мәлімдеді.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы Қазақстан өндірісінің дамуына жаңа мүмкіндіктер береді, деп Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов мәлімдеді.

"Қазақстан үшін ЕАЭО-ның құрылуы экономика әлеуеті мен шикізат, өзге қазбалы байлықтарды қолдануда үлкен серпін әкеледі. КО елдері - Беларусь, Қазақстан, Ресейдің жағдайы бойынша ЕАЭО құрылуы экономикалық интеграцияны жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. ЕАЭО аясында қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ресей мен Беларусь деңгейіндегі нарыққа жол ашылады. Бірыңғай талаптар мен ережелер енеді", - деді Н. Мұқанов.

Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлескен кәсіпорындарды құру үрдісінің жеделдетілетінін атап өтті. Ол жергілікті тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға өте қолайлы.

"Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жоспарын назарға ала отырып, ЕАЭО аясындағы бәсекелестік отандық бизнес үшін ауадай қажет болады", - деді Н. Мұқанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны