20.01.2011, 15:41 3806

Егіс науқаны мен оны жинау жұмыстарына берілетін несиенің тиімді ставкасы 8 пайызға дейін төмендетілетін болады

Егіс науқаны мен оны жинау жұмыстарына берілетін несиенің тиімді ставкасы 8 пайызға дейін төмендетілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш Холдингтің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Егіс науқаны мен оны жинау жұмыстарына берілетін несиенің тиімді ставкасы 8 пайызға дейін төмендетілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш Холдингтің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАгро" Холдингі 2011 жылғы егіс науқанын қаржыландыруды бастады. Бұл мақсатта несиелендіру және мемлекеттік қорға астық сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 78 млрд. теңге бөлінді",- деп хабарлады А. Мамытбеков.

ҚазАқпарат агенттігінң хабарлауынша, банктік кепілдемелер бергені үшін екінші деңгейлі банктердің комиссиялық жарналарының көлемін төмендету жөнінде Қаржыгерлер қауымдастығымен келісім жасалды, деп хабарлаған төраға. Және алдағы уақытта бұл межені 4 пайыздан, 2009 және 2010 жылдардағыдай 3 пайызға дейін төмендету туралы меморандумға қол қойылмақ.

"Сондай-ақ Холдинг агроөнеркәсіп кешендері субъектілеріне банктың кепілдемелері арқылы берілетін несиелердің пайыздық үстемесін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету ұсынысын енгізді", - деді Мамытбеков.

"ҚазАгро" холдингінің басшысы атап көрсеткендей, нәтижесінде көктемгі егіс науқаны мен оны жинау жұмыстарына берілетін несиенің тиімді ставкасы бұрынғыдай 12 емес, 8 пайызды құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны