10.12.2015, 15:44 4310

"Эйр Астана" жекешелендірілетін кәсіпорындардыӊ тізіміне енген жоқ - ҚР ИДМ

"Эйр Астана" әуе компаниясы бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған кәсіпорындардыӊ тізіміне енгізілген жоқ, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" әуе компаниясы бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған кәсіпорындардыӊ тізіміне енгізілген жоқ, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ірі кәсіпорындардыӊ арасында "Эйр Астана" әуе компаниясы жоқ. Иуе компаниясын сату туралы үшінші тұлғалармен, "QatarAirways" немесе басқа да мекемелермен ешқандай келіссөздер болған емес", - делінген ведомство хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, түсіндіріп өткендей "егер де тағайындалған қазақстандық әуетасымалдаушыға айтарлықтай иелік пен тиімді бақылау Қазақстан Республикасына немесе оныӊ азаматына тиесілі болмаса, ондай жағдайда әуе байланысы туралы халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқы шектеледі.

ҚР ИДМ айтып өткендей, "Эйр Астана" әуекомпаниясы Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз әуе компаниясы. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды қажет етпейтін, ірі рентабельді кәсіпорын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны