24.01.2019, 18:12 6587

Екібастұз ГРЭС-1 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндірді

Атап айтқанда, жыл басынан бері станцияда № 4 энергия блогында кеӊейтілген жөндеу, № 3, 5, 7, 8 энергия блоктарында ағымдағы жөндеу, № 2 және № 6 энергия блоктарында күрделі жөндеу жүргізілді.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдыӊ дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясыныӊ үлесі 18,9 %-ды құрады.

Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергия блогыныӊ бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеӊге толық дайындығын көрсетті. Тұтас алғанда, сегіз энергия блогыныӊ бәрі жұмыс істеген кезде, электр станциясыныӊ белгіленген қуаты 4000 МВт-ты құрайды.

Жыл бойы Екібастұз ГРЭС-1 өз тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тұтас іс-шаралар кешенін орындады. Атап айтқанда, жыл басынан бері станцияда № 4 энергия блогында кеӊейтілген жөндеу, № 3, 5, 7, 8 энергия блоктарында ағымдағы жөндеу, № 2 және № 6 энергия блоктарында күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұдан тыс, қазір соӊғы, есеп бойынша сегізінші, №1 энергия блогында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Станцияныӊ бұдан басқа энергия блоктары секілді, аталған энергия блогы күл тұту дәрежесі 99,6 % болатын жаӊа буындағы тиімділігі жоғары электр сүзгісімен жабдықталады.

2021 жылға қарай отын-көлік цехыныӊ өндірістік кешенін қайта құру және қайта жаӊғырту жобасын аяқтау жоспарланған. Жоба цехтар жабдығыныӊ өнімділігін, сондай-ақ оныӊ сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жабдық қазандық агрегаттары үшін қажетті отынды дайындау, тасымалдау және бөлу бойынша үлкен жұмыс атқарады. Мәселен, 2018 жылы станцияныӊ "Богатырь Көмір" ЖШС-нен жеткізілетін көмірді тұтыну көлемі 11,636 млн. тоннаны құрады.

"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт және қолдағы бар қуаттылығы 3500 Мвт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясыныӊ жалғз акционері - "Самұрық-Энерго" АҚ. Станцияда өндірілген электр энергиясыныӊ басым бөлігі Қазақстанныӊ энергетика нарығында таратылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны