21.12.2012, 18:58 3120

"Екібастұз ГРЭС-1" төртінші энергоблокқа электр сүзгісі орнатылды

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №4 энергоблокқа электр сүзгісін монтаждау жұмыстары аяқталды. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын электр сүзгісін салтанатты түрде іске қосты.

Алматы. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Екібастұз ГРЭС-1" төртінші энергоблокқа электр сүзгісі орнатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №4 энергоблокқа электр сүзгісін монтаждау жұмыстары аяқталды. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын электр сүзгісін салтанатты түрде іске қосты.

Бұл тазарту қондырғысын сатып алуға және орнатуға барлығы 2 млрд. теңге шамасында қаражат жұмсалды. Жалпы жұмыстарға үш ұйымның және де жабдықтың монтаждалуына шеф-бақылау жасаушы Lodge Cottrell Limited өндіруші компаниясының инженерлік-техникалық және жұмысшы қызметкерлер құрамынан 100-ден астам адам жұмылдырылды.

Орнатылған электр сүзгісі энергоблоктағы күл аулау деңгейін 99,6 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Осындай электр сүзгілері №5 және №6 энергоблоктарда сәйкесінше 2010 және 2011 жылдары орнатылған болатын. Тағы бір электр сүзгісі қалпына келтірілген №8 энергоблокпен бірге іске қосылды. Екібастұз ГРЭС-1 станциясында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарлама келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сөйтіп, электр сүзгілері жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылмақ. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12,5 миллиард теңге бөлінген. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшері едәуір кемиді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны