07.04.2008, 14:41 3150

Екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнесті қолдауға бюджеттен бөлінген қаржының 86,2% -ын игерді

Екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнесті қолдауға бюджеттен бөлінген қаржының 86,2% -ын игерді

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнесті қолдауға бюджеттен бөлінген қаржының 86,2% -ын игерді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір осы бағыт бойынша екінші деңгейлі банктер игерген қаржы көлемі 42,1 млрд теңгені, немесе бөлінген қаржының 86,2%-ын құрады", - деді Б. Сұлтанов.

Ол осы орайда "республика үкіметі, "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ мен екінші деңгейлі банктер арасындағы келісімге сәйкес, "Қазына" экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия айқындаған 7 банкке шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 48,8 млрд теңгені салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны