25.02.2016, 12:13 5193

ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушылар жиыны барысында қатысу туралы ұжымдық келісімдерге қол қойылды

Халықаралық қатысушылар жиыны кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы 13 келісімге қол қойылды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Халықаралық қатысушылар жиыны кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы 13 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы бар. Бұл елдер көрменіӊ халықаралық серіктестері ішінде маӊыздыларыныӊ бірі.

Бүгін Астанада Халықаралық қатысушылар жиыныныӊ екінші күні өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар коммуникациялар және көрмені ілгерлету бойынша жобалар мен мәдени-думан бағдарламаларымен таныстырды.

Алқалы жиын барысында көрмеге қатысу туралы ұжымдық келісімдерге қол қою рәсімі өтті. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растаған тағы 10 ел, олардыӊ қатарында Монако, Вьетнам, Венгрия және тағы басқада мемлекеттер бар. Жаӊартылатын энергия көздері бойынша халықаралық агенттікпен де (IRENA) келісімге қол қойылуы мүмкін.

Осылайша, Астанада 2017 жылы өтетін айтулы шараға 75 ел мен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын нақты растады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны