14.07.2016, 15:42 4644

"ЭКСПО-2017" көрмесі Ресейдіӊ "ИННОПРОМ-2016" өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

2016 жылғы 12 шілдеде "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ Комиссары Рәпіл Жошыбаев Ресей Федерациясы Индустрия және сауда министрі Георгий Каламановтыӊ шақыруымен Екатеринбург қаласында өткен 7-ші жыл сайынғы халықаралық "ИННОПРОМ - 2016" өнеркәсіптік көрмесіне қатыс

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 12 шілдеде "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ Комиссары Рәпіл Жошыбаев Ресей Федерациясы Индустрия және сауда министрі Георгий Каламановтыӊ шақыруымен Екатеринбург қаласында өткен 7-ші жыл сайынғы халықаралық "ИННОПРОМ - 2016" өнеркәсіптік көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ИННОПРОМ-2016" 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін еӊ ірі әмбебап өнеркәсіптік көрмесі болып табылады. Ағымдағы жылы көрмеге 95 елден 600-ден астам компаниялардыӊ өкілдері қатысты, сондай-ақ 40-қа жуық келісімдерге қол қойылды. Көрменіӊ тақырыбы "Өнеркәсіптік желілер", оныӊ ішінде "Қала технологиялары", "Энергетикалық технология" және "Машина жасау технологиясы" сияқты тақырыпшалар біріктірілді. "ИННОПРОМ - 2016" ашылу салтанатында Ресей Федерациясыныӊ Премьер-министрі Дмитрий Медведев сөз сөйледі, деп хабарлайды mfa.gov.kz тілшісі.

Көрме аясында "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ "Болашақ энергиясы" тақырыбы бойынша арнайы панельдік сессиясы ұйымдастырылды, оған Ресей Федерациясыныӊ энергетика министрініӊ бірінші орынбасары Алексей Текслер, өнеркәсіп және сауда министрініӊ орынбасары Георгий Каламанов, Үндістанныӊ саудасын ілгерілету бойынша ұйымыныӊ атқарушы басшысы, "ЭКСПО-2017" Үндістан секциясы Комиссарыныӊ орынбасары Шубхра Сингх, "EXPO-one" компаниясыныӊ басшысы - Қытай павильоныныӊ ұйымдастыру операторы Ин Чжан және ресейлік энергетика, инновация және жаӊа технологиялар саласындағы ірі компаниялардыӊ басшылары қатысты.

Р. Жошыбаев сессияда сөйлеген сөзінде "Болашақ энергиясы" тақырыбы кездейсоқ таӊдалмағанын атап өтті. Дәстүрлі энергия көздерініӊ ірі қорларыныӊ болуына қарамастан, Қазақстан "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдап, іске асыруда. Бұл тұжырымдамаға сәйкес 2050 жылға дейін елдіӊ жалпы энергобалансынан жаӊартылатын энергия көздерініӊ үлесін 50% дейін ұлғайту жоспарланған. 2017 жылы "ЭКСПО" көрмесініӊ ұйымдастырушылары әлем назарын СО2 шығындыларын қысқартуына, жаӊартылатын энергия көздерініӊ дамуы мен тиімділігіне аударатын болады.

Г. Каламанов өз сөзінде Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросыныӊ 159-шы Бас ассамблеясыныӊ сессиясында Астананыӊ "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық барысы жоғары бағаға ие болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Ресей қатысу үлгісін және тақырыптық бағыттарын дайындауда.

Г. Каламанов Ресейдіӊ ірі компаниялары "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуға ниетті екенділігін атап өтті. Исіресе, "Норильск никель" тау-кен металлургия компаниясы (әлемдегі тазартылған никельдіӊ және палладийдіӊ еӊ ірі өндірушісі, платинаныӊ, кобальттыӊ, мыстыӊ және родийдіӊ әлемдегі жетекші өндірушісі), ААҚ "НОВАТЭК" (Ресейдіӊ еӊ ірі тәуелсіз және көлемі бойынша екінші табиғи газ өндірушісі), ПАО "Российские сети" (Ресей энергетикалық желілерініӊ операторы - әлемдегі еӊ ірі электр желілік компаниялардыӊ бірі) компаниялары.

Спикерлер көрмеге дайындық барысын жоғары бағалап, көрмеде баламалы және жаӊартылатын энергия көздері саласындағы еӊ жаӊашыл, инновациялық және перспективтік жобалар ұсынылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Астанада "ЭКСПО-2017" инфрақұрылымы негізінде БҰҰ аясындағы "жасыл" технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталықтыӊ ашылуы туралы Қазақстан Президентініӊ бастамасы ерекше аталып өтті.

Сессия қорытындысы бойынша Р. Жошыбаевтыӊ "ЭКСПО-2017" Ресей секциясы Комиссарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ресей павильонныӊ мазмұндық толтырылуы, көрме аясында Ресей Федерациясыныӊ ұлттық күні және ресейлік туристерді Астана қаласына тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Р. Жошыбаев, Ин Чжан және Шубхра Сингхпен кездесіп, астанадағы көрмеге Қытай мен Үндістан қатысуыныӊ ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны