29.11.2006, 10:02 1933

Экспорт және инвестиция жөнінде корпорация құру тұжырымдамасы мақұлданды

АСТАНА. 29 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі жанындағы арнаулы кеңес "Маркетингтік- сараптамалық зерттеулер орталығы"АҚ негізінде экспорт және инвестиция жөніндегі корпорация құру туралы тұжырымдаманы мақұлдады, деп хабарлайды "Қазына" қорының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында "корпорацияның мақсаты- қазақстандық экспортты халықаралық нарықтарға шығару, Қазақстанның шетелдерге шығаратын инвестициясына ықпал ету , сонымен қатар инвестиция тарту және Қазақстанға шетел инвестициясын тартуға қолайлы жағдай жасау",-делінген.

Құжатта ,"корпорацияны құруға мұқтаж етіп отырған жағдай - ол экспорт пен инвестицияға қолдау көрсету үшін біртұтас мемлекеттік саясат жасауға қажетті тұғырнаманың, экспорт пен инвестицияға көмек беру жөніндегі кәсіби инфрақұрылым мен сараптаманың жоқтығы, сонымен қатар сыртқы операциялардағы бизнес құзыретінің төмендігі себеп",-деп көрсетілген.

Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы жоғары қосымша құнды экспортты ұлғайтуға ықпал ететін ұлттық экспорттық стратегияны жүзеге асыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы экспорт жөніндегі кеңес ережесінің жобасы арнаулы кеңестің қарауына жіберілді.

"Экспорт жөніндегі кеңесті тең құқылы орган ретінде құру жоспарлануда. Оның құрамына мемлекеттік және жеке сектордан теңдей өкілдер кіреді және екі тең төрағасы болады",-дейді "Қазына" қорының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны