18.04.2008, 16:49 3345

Экспорттаушы кәсіпорындар тау-кен металлургия секторына экспорттық кедендік баж салығын енгізу жоспары өз өнімдерінің бәсекелестігіне тосқауыл болады деп санайды

Экспорттаушы кәсіпорындар тау-кен металлургия секторына экспорттық кедендік баж салығын енгізу жоспары өз өнімдерінің бәсекелестігіне тосқауыл болады деп санайды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның тау-металлургиялық секторының экспорттаушы- кәсіпорындарының пікірінше, енгізілуі жаспарланған экспорттық кеден салығы, олардың саласындағы өнімдер бәсекелестігіне кедергі келтіріп, тосқауыл болады. Бұл туралы бүгін республикалық тау-металлургиялық және тау-кен өндіруші қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тау-металлургиялық өндіріс қызметкерлерінің 1 -ші съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тау -металлургиялық секторының бүкіл өнімдеріне 10 % көлемінде экспорттық баж салығының енгізілуі, оның қосымша салықтан бұрын біздің шығарып отырған өнімдеріміздің бәсекелестігіне қойылған тосқауыл деп қарастырып отырмыз", - деп мәлімдеді Н. Радостовец осы мәселе бойынша үкіметке "Арселор Миттал Теміртау"АҚ, "Қазақмыс"Корпорациясы" "ENRC Managment KZ"ЖШС сияқты ірі 16 кәсіпорындары қол қойған үндеуге сілтеме жасай отырып.

"Егер салықтарды ұлғайту керек болса, онда оны Батыс қоғамы түсінетін, инвесторлар мен ұжымдар білетін салықтар арқылы көбейтілуі керек ", - деп есептейді ол.

"Индустрия және сауда министрлігінде бізге ЭКС енгізілуінің басты себептерінің бірі- бюджет мөлшерін ұлғайту деп түсіндірді.. біздің пікірімізше біздің сектор тұрақты салықтар арқылы бюджетке бұдан көп мөлшерде қаржы бере алады. Бірақ олар біздің өнімдеріміздің сыртқы нарықтарға шығуына кедергі келтіріп отыр деген пікірді қалыптастырмау үшін және бюджет уақытша қойылған тосқауылдар арқылы толтырылмауы керек ", - деп атап өтті атқарушы директор.

"Біздік көптеген кәсіпорындарымыз сыртқы нарықта өз орындарынан айрылып қалуы мүмкін, оның артында не боларын есептеу керек. Біздің ақпаратымыз бойынша жуырда бұл мәселе экономикалық саясат кеңесінде қарастылатын болады. Сондықтан біз өндіруші секторларға өркениетті түрде салық салу көлемін ұлғайтуды ұсынып отырмыз ", - деп қосты Н. Радостовец.

"Бұл кедендік одақтың дамуына тосқауыл болады, тіпті оған қарама қарсы да болуы да мүмкін.

ENRC-KAZAKHSTAN президенті Феликс Вулис айтқанындай," экономикалық негіздеме болмаған жағдайда енгізілуге жоспарланып отырған ЭКС нарықтық механизм ретінде қарастырылмайды ".

"Халықаралық тәжірибеде ЭКС өндірілетін өнімнің ішкі нарық тұтынушыларын қолдауға бағытталады және экономикалық тиімділікке сүйене отырып енгізіледі. Ал біздің жағдайда ішкі нарық тіпті жоқ және Қазақстанда біздің өнімге деген сұраныс толық қамтамасыз етілген", - деп ол өзінің көзқарасын білдірді.

"Қазақстанның әлемдік сауда көлемі бойынша бірнеше сала бойынша айтарлықтай салмағы бар. Мысалы, оның әлемдегі хром нарығындағы үлесі 16 пайыздан асады. Оңтүстік африка Республикасы және тағы да басқа бәсекелес мемлекеттерде қуатпен қамтамасыз ету және өндірісті дамыту бойынша туындап отырған мәселелері байқалып отырғанда бұл үлесті ұлғайтуға болады. Ал іс жүзінде Қазақстан кәсіпорындарының әлемдік нарықта қалың бәсекелестік кезінде өзінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндігі пайда болғанда, оған тосқауыл ретінде экспорттық баж салығы енгізіліп отыр", - деп қорытындылады Ф. Вулис.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны