17.09.2009, 14:41 2833

Электр қуатын транзиттік тасымалдаудың өткізгіштік қабілетін ұлғайту есебінен Қазақстанның оңтүстігінің энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі - KEGOC

Электр қуатын транзиттік тасымалдаудың өткізгіштік қабілетін ұлғайту есебінен Қазақстанның оңтүстігінің энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі - KEGOC

Екібастұз. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Электр қуатын транзиттік тасымалдаудың өткізгіштік қабілетін ұлғайту есебінен Қазақстанның оңтүстігінің энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің екінші жоғары кернеулі желісін салтанатты түрде іске қосу рәсімінде "KEGOC" АҚ басқармаларның төрағасы Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Электр қуатын транзиттік тасымалдаудың өткізгіштік қабілетін 1350 МВт дейін ұлғайту есебінен біз республиканың оңтүстігіндегі қуат тапшылығы проблемасын жойып, оңтүстікте энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, "жобаларға қатысты жұмыс ондаған сервистік және өндірістік кәсіпорындарды құруға серпін берді, қазір оларда мыңдаған адамдар жұмыс істеуде".

Оның атап көрсетуінше, жаңа жұмыс орындарымен қатар "тауарлар мен жабдықтар өндірісі де жаңадан пайда болды". "Атап айтсақ, Өскеменде Siemens технологиясы бойынша шкафтар мен релелік қорғаныс, ал Талдықорғанда - жоғары вольтты бағандар мен темірбетон бұйымдар өндірісі ашылды", - деді Қ. Бозымбаев.

Электр қуатын тасымалдаумен қатар "телефония мәліметтерін жалғастыру, жоғары жылдамдықты интернетке қосылу секілді қызметтер көрсететін қосымша бизнес көздері ашылды".

"Осымен біруақытта KEGOC компаниясы бірнеше басқа да жобаны жүзеге асырды. Атап айтсақ, ұлттық энергетикалық желілерді модернизациялаудың бірінші кезеңі аяқталып келеді. Ал өткен жылдың аяғында "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" 500 килоВольттық желісі табысты іске қосылды", - деді KEGOC басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны