11.03.2008, 13:52 2808

Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда", - деді Н. Алдабергенов.

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда", - деді Н. Алдабергенов.

"Бұл ретте ірі электр станциялары мен аймақтық жылу энергетикалық орталықтарында өндірілген электр қуатының құны 3 - 13% аралығында өзгереді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушылары үшін электр қуатының құны 6 - 17%, солтүстік өңірлерде 2 - 10% аралығында өзгереді", -деді ол.

Орталықтандыпрылған жылу құнының шектеулі өсімі агенттік болжамына сәйкес 9,8% деңгейінде, ал жылу энергиясының құнының ұлғаюы жекелеген кәсіпорындарда 4 - 8% аралығында болмақ.

"Осы орайда көмір мен мазут бағасы 2007 жылғы желтоқсан айындағы деңгейде болуға тиіс", - деді Н. Алдабергенов. Оның хабарлауынша, суық судың тарифтерінің болжамды өсімі 2008 жылы 12,3% құраса, кәсіпорындардың басым бөлігі бойынша баға өсімі 4%-дан аспайды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, газ бағасы 15%-ға дейін, ыстық судың бағасы 11,7%-ға дейін , кәріз жүйесінің құны 9,8 %-ға дейін өсуге тиіс.

Ағымдағы жылы тарифтер өсімінің осындпай шектеулі көрсеткіштері , Н. Алдабергеновтың пікірінше, реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан асырмауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны