19.03.2020, 18:59 2894

Еліміздің 17 өңірінде ТКШ-ның табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік реттеу мәселелері жөнінде комиссиялар жұмыс істейді

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанында Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес, Кеңес табиғи монополиялар салаларындағы тариф құрудың проблемалық мәселелері бойынша комиссиялар құруға құқылы.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздің 17 өңірінде ТКШ-ның табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік реттеу мәселелері жөнінде комиссиялар жұмыс істейді.

ТКШ табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік реттеу мәселелері бойынша 17 өңірлік комиссия құрылуы тарифтік саясат жөнінде кезекті кеңес отырысында келісілді.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанында Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес, Кеңес табиғи монополиялар салаларындағы тариф құрудың проблемалық мәселелері бойынша комиссиялар құруға құқылы.

Өңірлік комиссиялардың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, аумақтық органның және өзге де мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, "Атамекен" ҚР ҰКП өңірлік өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғам өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және табиғи монополиялар субъектілері кірді.

Өңірлік комиссиялар Тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады, олардың жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері болады.

Мұндай комиссиялар қажеттілігіне қарай өткізілетін болады және олардың негізгі міндеттері:

1) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсету;

2) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсыныстар енгізу;

3) тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифтер бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне енгізу;

4) инвестициялық бағдарламалардың жобаларына және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларға енгізілетін өзгерістерге ұсыныстарды талқылау және әзірлеу;

5) бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді тыңдау.

Аймақтық комиссиялардың құрамымен Комитеттің ресми сайтында (https://beta.egov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/23416?lang=ru) танысуға болады.

Өңірлік комиссиялардың жұмысы аясында уәкілетті органның жұмысына жоғарыда көрсетілген тұлғаларды тарту, Мемлекет басшысы өз тапсырмаларында бірнеше рет айтқан монополистер қызметтеріне тариф белгілеу ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны