16.01.2008, 19:33 3069

Еліміздің екінші деңгейлі банктері құны 117,9 млрд. теңге көлеміндегі 52 нысанды қаржыландыруға әзір екенін білдірді

Еліміздің екінші деңгейлі банктері құны 117,9 млрд. теңге көлеміндегі 52 нысанды қаржыландыруға әзір екенін білдірді

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің екінші деңгейлі банктері құны 117,9 млрд. теңге көлеміндегі 52 нысанды қаржыландыруға әзір екенін білдірді, деп хабарладйы үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Мемлекеттік комиссия мүшелері Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары аясында қаржыландыру жобаларының мәселесін талқылады.

Астана қаласында салынып жатқан нысандарды қаржыландыруды аяқтау, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ басым инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы "Қазына ТДҚ" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов баяндады.

Астана қаласындағы 112 нысанның құрылысын қаржыландыру үшін 216,9 млрд. теңге қажет етілуде. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) құны 117,9 млрд. теңге көлеміндегі 52 нысанды қаржыландыруға әзір екенін білдірді.

2007 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 48,8 млрд. теңге (400 млн. АҚШ доллары), 2008 жылы қосымша қаражат бөлуді көздей отырып, бөлінді.

Сонымен қатар, "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы 112 нысан құрылысын қосымша қорландаруды қамтамасыз ету үшін әріптес-банктердің ипотекалық кредиттеу жөніндегі сатып алу құқығын талап етуді жүзеге асыратын болады.

Астана қаласы пилоттық жоба ретінде таңдалып алынды, қазіргі кезде Астана қаласындағы және өзге де өңірлердегі аяқталмаған құрылыс нысандарын қаржыландыру жөніндегі мәселелер шешімін табуда. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігі тарапынан аяқталмаған нысандардың тізімін анықтау, олар туралы және олардың біліктілігі жайлы ақпараттар жинақтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны