19.06.2007, 15:18 2934

Еліміздің халықаралық резервтері 2007-жылғы маусымның бірінші жартысында 0,81% ұлғайды

АЛМАТЫ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Еліміздің халықаралық резервтері 2007-жылғы маусымның бірінші жартысында 0,81% ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың ақшасын қоспағанда) және ақша базасы 2007 жылғы 15 маусымда мынадай болды:

халықаралық таза резервтер ағымдағы бағалармен 21 427,8 млн. доллар,

Еркін айналмалы валютадағы таза активтер ағымдағы бағалармен 19 966,2 млн. доллар, алтын ағымдағы бағалармен 1 461,6 млн. доллар.

2007 жылғы маусым айының бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтерінің төмендеуі болды.

Ұлттық банктің ағымдағы бағалардағы таза халықаралық резервтері 1,50 % (немесе 327,4 млн. долл.) төмендеді.

Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операцияларды жүргізу және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі үкіметтің шоттарына валютаның түсуіне және ішкі валюта нарығында валюталарды сатып алуға қарамастан таза валюталық қорлардың төмендеуіне алып келді.

Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 314,1 млн. доллар, алтынның әлемдік нарықтардағы бағасының 0,89 % төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 13,3 млн. долларға төмендеді.

Ұлттық банктің тұрақты бағалардағы таза халықаралық резервтері 1,45 %, еркін айналмалы валютадағы таза активтер 1,55 %, алтындағы активтер шамалы 0,01 % төмендеді.

Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 17 467,0 млн. долл.) қоса алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалардағы) тұтастай алғанда 0,81% ұлғайды және 38 903,9 млн. долларды құрады.

Ұлттық банктің ішкі таза активтерінің 2007 жылғы маусым айының бірінші жартысында өсуі (Ұлттық банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноталары көлемінің төмендеуі) ақша базасының 2,22% (немесе 35,6 млрд. теңге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны