06.05.2015, 23:14 5149

Елордалық әуежай жылына 7 млн-ға дейін жолаушыны қабылдай алатын болады

Елорадық әуежайдыӊ өткізу мүмкіндігі жылына 3-тен 7 млн-ға дейін жолаушыға артады, деп хабарлады "Қазақстан Темір Жолы"ҰК"АҚ вице-президенті Роман Скляр ОКҚ-да

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Елорадық әуежайдыӊ өткізу мүмкіндігі жылына 3-тен 7 млн-ға дейін жолаушыға артады, деп хабарлады "Қазақстан Темір Жолы"ҰК"АҚ вице-президенті Роман Скляр ОКҚ-да, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қалданыстағы әуежай жылына 3 млн жолаушыға есептелген, өткен жылы бұл межеге қол жеткізілді. Жаӊа терминалдыӊ құрылысы барысында әуежайдыӊ өткізу мүмкіндігі жылына 3-тен 7 млн-ға жолаушыға дейін артады",- деді Р.Скляр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, жаӊа терминалдыӊ құрылысы мен ұшып-қону жолағын калпына келтіру және жаӊасын салу мақсаттағы жобаға Ұлттық қордан қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Еуропа Даму және қайта құру банкніӊ қаржысын тартуда көзделуде. Бұдан басқа, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы тарапынан қосымша қаржыландыру қарастырылған.

"Қазіргі таӊда Қазаэронавигация әуежайыныӊ ғимаратын сүру бойынша жұмыстар аяқталды, енді инженерлік коммуникацияларды шығару жұмыстары жүргізілуде, қазандықтарды терминалға айналдыру жұмыстары да дайын жаӊа перрон құрылысы басталды. Биылғы жылы темір-бетон метал құрылыстары жөнделіп, сыртқы инженерлік желілердіӊ жұмыстары аяқталады",-деді ол.

Осылайша, 2016 жылы жолаушылар терминалыныӊ сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстары аяқталады да күрделі жөндеу жүргізіледі, ұшу-қону алаӊы жөнделеді, әуе кемелері тұратын орындар дайындалады. Астана әуежайыныӊ толық реконструкциялау жұмыстары 2017 жылдыӊ наурызында аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны