07.09.2007, 11:53 1835

Энергетика министрлігі электр қуатының тарифтері өседі деген болжам айтады

Энергетика министрлігі электр қуатының тарифтері өседі деген болжам айтады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр қуатының тарифтері өседі деген болжам айтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Баға өседі, бірақ, бұл энергетикалық нысандарды салу және модернизациялау қажеттігіне, электр қуатын өндіру саласына жұмсалатын инвестицияларды ынталандыруға байланысты өсім", - делінген жұма күні мекеменің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Мәтінде атап көрсетілгеніндей, министрлік мүдделі мемлекеттік мекемелермен және ""Самұрық" Холдингі" АҚ-мен бірлесіп электр қуатын өндіру саласын дамыту жөніндегі 2007-2015-жылдарға арналған шаралардың жоспары мен 2015-жылға дейінгі болжамдық жоба - электр қуатын өндіру және тұтыну, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесін тұтас республика бойынша және жекелеген облыстар бойынша дамыту балансын жасаған. "Министрлік электр қуаты мен қуаттылықтың болжамдық балансында ел экономикасы мен халқының электрді тұтыну мөлшерінің қазіргіден де жоғары қарқынды өсімін ескерген, соның ішінде серпінді жобаларды жүзеге асыру жайы да ескерілген", - делінген мәтінде.

Сонымен бірге құжатта атап көрсетілгеніндей, министрлік 2007-20105-жылдары салынатын жаңа энергетикалық нысандардың, реконструкциялануға, модернизациялануға және аясы кеңейтілуге тиіс электр энергетикасы нысандарының тізімі жасалып бекітілген.

Атап айтсақ, Екібастұз 1-ші ГРЭС-індегі жұмыс істемей тұрған үш энергетикалық блоктарды қалпына келтіру; Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-те әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын екі энергоблокпен кеңейту; Ақсу ГРЭС-інде қуаты 300 МВт-тық энергоблоктарды кезеңмен реконструкциялауды аяқтау; Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда , Шығыс Қазақстан , Павлодар, Алматы облыстарында, Астана және Алматы қалаларында қазіргі барларын кеңейту және жаңа жылу электр орталықтарын салу және модернизациялау; сондай-ақ, Қазақстанның батыс бөлігінде бірнеше газқұбырлы электр станцияларын, ірі Су электр станцияларын, еліміздің оңтүстігі мен шығысында шағын СЭС-ның каскадын салу межеленген.

Хабарламада сондай-ақ атап көрсетілгеніндей, "Оңтүстік-солтүстік" транзитінің екінші желісін және "Солтүстік Қазақстан- Ақтөбе облысы" аймақаралық электр жалғастыру желісін тартып бітіру, ұлттық электр желілерін модернизациялау жобаларын аяқтау қарастырылған.

"Жоспарланған шараларды жүзеге асыру ауқымды қаржы тартуды және тарифті көтеру есебінен қаржы тартуды талап етеді", - делінген баспасөз баянында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны