18.07.2008, 11:08 1509

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорттық талаптарды күшейтеді

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорттық талаптарды күшейтеді. Бұл туралы мұнай өңдейтін компаниялардың өкілдерімен болған жиналыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорттық талаптарды күшейтеді. Бұл туралы мұнай өңдейтін компаниялардың өкілдерімен болған жиналыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мұнай ресурстарына қатысты айтарым, қазір ішкі нарыққа тасымалды айтарлықтай арттыру бойынша шешім қабылданды", - деп атап көрсетті министр.

"Біз бұл мәселені әкімшілік тұрғыдан жартылай реттейміз. Осыны істеуге мәжбүрміз. Егер (мұнай өңдейтін зауыттарға шикі мұнайды дер кезінде жеткізбеу бойынша - агенттік ескертпесі) қалыптасқан жағдай тез арада түзелмесе, таяу күндері ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі тапсырманы орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылар үшін шикі мұнай экспорты бойынша қосымша шектеулер қабылданады", - деп мәлімдеді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны