03.05.2012, 11:20 2919

Еуроодақ жаңа банк стандарттарын енгізу туралы келісімге қол жеткізе алмады

Жаңа стандарттар банктердің бос сақтық капиталын 2019 жылға дейін 2 пайыздан 7 пайызға арттыруды қарастырып отыр. Банктер сақтық қорын арттыруға қажетті қаржыны қосымша акциялар шығару немесе активтерінің бір бөлігін сату арқылы табу қажет.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Еуроодақтың қаржы министрлері Базель-3 деп аталатын жаңа банк стандарттарын енгізу туралы келісімге қол жеткізе алған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа стандарттар банктердің бос сақтық капиталын 2019 жылға дейін 2 пайыздан 7 пайызға арттыруды қарастырып отыр. Банктер сақтық қорын арттыруға қажетті қаржыны қосымша акциялар шығару немесе активтерінің бір бөлігін сату арқылы табу қажет. Алайда жаңа ережелерді енгізу туралы келіссөздер нәтижесіз аяқталды, себебі Ұлыбритания бастаған бір топ мемлекет өз елдерінде одан да қатаң ережелерді орнатуды көздеп отыр. Лондон жаңа қаржылық ережелерді енгізу ұлттық үкіметтердің құзырында болуы керек деп санайды.

Сонымен қатар, банк жүйесі дамымаған шағын еуропалық елдер тым қатал ережелерді енгізгеннен кейін ірі банктер осы елдердегі белсенділігін азайтады деп қауіптенуде. Айта кетер бір жайт, 2008 бен 2010 жылдар аралығында Еуропа елдері банктерге көмек беру үшін 4,6 триллион евро жұмсаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны