27.10.2016, 14:52 4439

Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерлік пен әйелдер бизнесін дамытуға 8,61 млрд теӊге бөледі

Оныӊ ішінде микро, шағын және орта кәсіпкерлік саласына ЕҚДБ 6 млрд 750 млн теӊге, "Бизнестегі әйелдер" жобасына 1 млрд 860 млн теӊге бөледі.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанныӊ микро, шағын және орта кәсіпкерлігі мен әйелдер бизнесіне 8,61 млрд теӊге бөледі, деп хабарлайды Даму қоры.

Мұндай үш жақты келісімге Астанада "Бәйтерек" Холдингінде ЕҚДБ бірінші Вице-Президенті Фил Беннетт, "ЦентрКредит Банк" АҚ Төрағасы Владислав Ли және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қол қойды.

ЕҚДБ бөлген қаржыныӊ екінші траншыныӊ жалпы сомасы 8 млрд 610 млн теӊгені құрайды. Қаражат "Даму" Қорыныӊ кепілдігімен "ЦентрКредит Банк" АҚ бөлінеді. Оныӊ ішінде микро, шағын және орта кәсіпкерлік саласына ЕҚДБ 6 млрд 750 млн теӊге, "Бизнестегі әйелдер" жобасына 1 млрд 860 млн теӊге бөледі.

Микро, шағынжәне орта кәсіпкерлік пен"Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша несиелеу талаптары: несие 900 млн теӊгеге дейін беріледі; несиелеу мерзімі 12 айға дейін; сыйақы мөлшерлемесі жылына 16%; мақсаты - микро, ШОБ несиелеу; валютасы - теӊге.

"Бизнестегі әйелдер" бағдарламасыныӊ талаптары бойынша несие алушы кәсіпорынныӊ жарғылық капиталында әйел кәсіпкердіӊ қатысы 50%-ден кем болмауы және әйел басқаруы тиіс. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуі керек. Несие салалық шектеусіз беріледі.

Сондай-ақ, несие қаражатыныӊ кем дегенде 60 пайызы Қазақстанныӊ өӊірлеріндегі жобаларды қаржыландыруға, қалған бөлігі Астана мен Алматы қалаларына бөлінеді.

ЕҚДБ бірінші Вице-Президенті Фил Беннетт:

"ЕҚДБ тұрақты және инклюзивті экономика құруға басымдық береді. Көптеген микро, шағын және орта кәсіпорындарға тіркелген жері бойынша қаржыға қол жеткізу - шешуші фактор. Бүгінде әріптестерімізбен бірге кәсіпкерлерге қолдау көрсететінімізді, шағын кәсіпорындардыӊ қаржы көздеріне қол жеткізулеріне сеп болып, әрі қаражатты төл валютасында алуларына жағдай жасайтынымызды мәлімдеу бізге үлкен қуаныш сыйлайды",-деді Фил Беннетт.

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин:

"Өткен жылы ЕҚДБ "Даму" Қорыныӊ кепілдігімен "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасына ЦентрКредит Банкі арқылы 3,7 млрд теӊге бөлген болатын. Бірінші транш 1,8 млрд теӊгені құрады. Нәтижесінде 86 кәсіпкер әйел 2,1 млрд теӊгеге қаржыландырылған еді. Ийел кәсіпкерлер балабақшалар ашуда. Мысалы Қызылордада 2 балабақша ашылды. Сондай-ақ нәзік жандар күнделікті киетін және арнайы қызмет өкілдеріне киім тігумен де айналысады. "Болашақ" Арнайы киім үйі" күш құрлымдарымен әскери киім тігу үшін 133 млн теӊгеге шарттасты. Ал Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әйел жылына 72 мыӊ өнім өндіретін,елдегі жалғыз әрі тұӊғыш пластиктен ойыншық шығаратын зауыт ашты. "Дана" Фирмасы" ЖШС стеклопакеттер шығаруда алда келеді. Кәсіпорын мемлекет бюджетіне соӊғы 5 жылда 410 млн теӊге салық түсірген. Сондықтан "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы мен әйелдерді қаржыландыруға арналған біздіӊ басқа да бағдарламаларымыз кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Микро бизнеске келер болсақ, ЕҚДБ бөлген бұл қаржы осы нарықтыӊ дамуына үлкен серпін береді",-деді"Даму" Қорыныӊ басшысы.

"ЦентрКредит Банк" АҚ Басқарма төрағасы Владислав Ли:

"Біз Еуропа қайта құру және даму банкі мен "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту" Қоры секілді байырғы әріптестерімізбен арадағы көпжылдық байланысты бағалаймыз. Бұлар екінші деӊгейлі банктердіӊ экономиканыӊ көптеген салаларындағы клиенттеріне қажетті қаржылық қолдау көрсетуіне мүмкіндік жасайды. ЕҚДБ-мен әріптестік - Қазақстан экономикасына деген инвесторлар сенімі мен инвестициялық тартымдылықты сақтаудыӊ айқын,-деді Владислав Ли.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны