15.06.2007, 17:51 2880

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы 30 корпоративтік көшбасшыны құру туралы бастаманы қолдайды

ӨСКЕМЕН. 15-маусым. Kazakhstan Today. Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьер Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшыны құру туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы ол бүгін президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысының аяқталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еуропалық қайта құру және даму банкі бұл бағытты қолдайды, Қазақстан ойдағыдай дамып келеді және біз 30 корпоративтік көшбасшыны құру туралы бастаманы қолдаймыз. Бұл өте маңызды",- деді Ж.Лемьер. Осы орайда ол "келешектің кемелді болғаны үшін елде әлі де көп іс тындыру керек", деді.

Ж.Лемьердің пікірінше, мемлекет басшысының төрағалық етуімен өткен Кеңестің 17-ші отырысы барысында барлық мәселелер ашық талқыланып, шетелдік инвесторлар түгелімен республиканың транспорттық стратегиясына қолдау білдірді. "Қазақстан келешекте әлемдік экономикаға кірігуге тиіс, ел Орталық Азиядағы шешуші ойыншыға айналып, өз өңірлерін дамытуға, елге және жалпы аймаққа жұмыс орындарын беруге тиіс. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін транспорт саласын дамыту қажет",- деді ол.

"Темір жолға, автокөлік жолдары мен құбырларға қатысты барлық мәселелерді шешуде Қазақстан ұстанып отырған прагматикалық көзқарасты шетелдік инвесторлар мақұлдайды",- деп қосты Ж.Лемьер. "Тауар мен жолаушылар тасымалын ұлғайту қуатын арттыру шешуші болып табылады. Бірақ бұл қадамның адамдарға қауіпсіздік төндірмей жасалуға тиіс екендігі жөніндегі Н.Назарбаевтың пікіріне баршамыз қосыламыз",- деді банк басшысы.

Ж.Лемьер сонымен бірге "бюдджеттің, мемлекеттің қаражатын пайдалана отырып қаржыландыруды қалай қамтамасыз ету қажеттігіне қатысты техникалық талқылау ұзаққа созылғанын" атап өтті. "Осы тұрғыдан Еуропалық қайта құру және даму банкі "Самұрық" және "Қазына" атты екі жаңа холдингтік компанияның құрылуын қолдады, бұл осы тектес даму жобаларын қаржыландырудың тиімді құралы әрі осы тектес мақсат-міндеттерді шешуге деген мейлінше егжей-тегжейлі көзқарас",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны