10.04.2013, 12:13 3439

Германдық бизнесмендер Жамбыл облысында инвестиция құятындай жобалар іздеуде

Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грау және бір топ неміс бизнесмендері сәрсенбіде Жамбыл облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады, ондағы мақсаттары энергетика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін бағдарлап көру, деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Алматы. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Германдық бизнесмендер Жамбыл облысында инвестиция құятындай жобалар іздеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грау және бір топ неміс бизнесмендері сәрсенбіде Жамбыл облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады, ондағы мақсаттары энергетика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін бағдарлап көру, деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Сапар шеңберінде бас консул облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен, келешегі бар деген жобаларды ұсынған әкімшілік басқармаларының басшыларымен кездесті. Бас консулға алдағы уақытты аймақтың аграрлық секторын дамытуға жаңа қарқын береді деп көзделіп отырған "Тараз" агроөнеркәсіптік қайта өңдеуші логистикалық орталық" жобасы таныстырылды. Бұл индустриалды аймаққа логистикалық орталық, 20 шақты қайта өңдеуші кәсіпорын, көліктік -логистикалық терминалдар, өнім сақтауға арналған қоймалар енбек.

Кездесуге құрылыс саласында істейтін және құрылыс саласы үшін техника мен жабдық шығарушы "БАУЭР Қазақстан" компаниясының өкілдері қатысты.

Бизнесмендер "Жамбыл Гидро Энерго" ЖШС-нің жобаларына қызығушылық танытты.

"Тараптар неміс бизнесмендерінің аталған инвестициялық жобаларға қатысуы мәселелерін талқылады", делінген онда.

М.Грау сапар барысында сондай-ақ "Жамбыл Гидро Энерго"-да, "Жасұлан" ЖШС-нің гүл өсіруге арналған жылыжайында, құс етін өндіретін "Жамбыл құс" ЖШС-де болды.

Хабарламада атап өтілгендей, Жамбыл облысында 2005 жылы германдық инвесторлардың қатысуымен жоба жүзеге асырылған, қазіргі уақытта қазақстандық рынокта "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС жемісті еңбек етіп келеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың тонна гипс, 65 жұмыс орны ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны