09.10.2017, 13:42 4896

Германиялық кәсіпкер Жаклин Кнаппе Қызылорда облысындағы білім беру мамандарымен тәжірибе бөлісті

"Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай Бағдарламасы аясындағы "Аға сеньорлар" компонентімен Қызылорда облысына германиялық кәсіпкер Жаклин Кнаппе келіп, өӊірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамандарымен өз тәжірибесімен бөлісті.

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай Бағдарламасы аясындағы "Аға сеньорлар" компонентімен Қызылорда облысына германиялық кәсіпкер Жаклин Кнаппе келіп, өӊірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамандарымен өз тәжірибесімен бөлісті.

Жаклин Кнаппеніӊ кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол. Өзініӊ арнайы шеберханасы бар. Еӊбек жолында балабақша мен театрларда жұмыс жасаған.

Облыс орталығындағы "Сыр балажаны" балабақшасында болған Жаклин Кнаппе мекеме қызметкерлерін балаларды еркін тәрбиелеуге арналған Reggio-педагогика әдісімен таныстырып, іс жүзінде көрсетті.

Балабақша меӊгерушісі Наталья Мишукова: "Біздіӊ еліміз бен Германиядағы мектепке дейінгі білім беру әдістемесінде айтарлық айырмашылық бар. Мәселен, Жаклин біздіӊ мамандармен, тәрбиеленушілермен жұмыс жасағанда негізгі басымдықты еркіндікке: ой, таӊдау еркіндігіне берді. Балаларды ойната отырып, шығармашылығын дамытуға тырысты. Нәтижесін көрсеӊіздер. Балалардыӊ қиялыныӊ шексіз екендігіне көзіміз жетті. Бізге осындай мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат беріп, көмек көрсеткен, арнайы маман шақыртқан Кәсіпкерлер палатасына ризашылығымды білдіргім келеді", - деді.

Айта кету керек, "Аға сеньорлар" компоненті қатысушыларға басқарудыӊ жаӊа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеӊес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.

"Басқарудыӊ жаӊа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетел мамандарын тарту (аға сеньорлар)" компонентін жүзеге асыру шартттары:

1. Компонентке Бағдарлама аясында экономиканыӊ басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктіӊ субъектілері қатыса алады;

2. "Аға сеньорлар" компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;

3. Шетелдік сарапшылардыӊ ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;

4. Сарапшыныӊ Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ жеке есептерінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны