30.09.2016, 16:41 6850

Халықаралық жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер Алматыда бас қосады

Халықаралық конференция 2016 жылдыӊ қазан айыныӊ 20 мен 21 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында өтеді.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ қазан айында өткізілетін "Қазақстанныӊ жеміс-көкөніс бизнесі-2016" халықаралық конференциясына әлемініӊ 15 шақты елінен 200-ден астам делегат қатысатын болады. Бұл туралы конференцияныӊ ұйымдастырушысы "ҚазАгро" ҰХ АҚ еншілес компаниясы "Қазагромаркетинг" АҚ мәлімдеді. "АПК информ" ақпараттық ұйымы обаныӊ қосалқы ұйымдастырушысы болып табылады.

Бүгінгі күні конференцияға қатысуға Ресейдіӊ, Украинаныӊ, Италияныӊ, Германияныӊ және тағы басқа елдердіӊ жеміс-көкөніс саласыныӊ белсенді өкілдері мүдделілік танытуда. "Қазагромаркетинг" АҚ конференцияға қатысушылардыӊ 50 пайызын еліміздіӊ жеміс-көкөніс өнідірушелері құрайтын болады деп атап өтті.

Халықаралық конференция 2016 жылдыӊ қазан айыныӊ 20 мен 21 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында өтеді. Шараныӊ іскерлік бағдарламасында Қазақстанныӊ жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласыныӊ өзекті мәселелерін талқылау, болашақтағы дамуын болжау жоспарланған. Аталған мәселелерді талқылау отандық жеміс-көкөніс саласына қатысушылармен қатар, ТМД, Еуропа және басқа алыс та жақын шетелдердіӊ өнім өндірушілері және технологияларды жеткізушілері үшін қызығушылық танытатыны сөзсіз.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ, FAO халықаралық ұйымыныӊ, "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ, Қазақстанныӊ картоп және көкөніс өнімдерін өндірушілер қауымдастығыныӊ, Қазақстанныӊ бақша өнімдерін өндірушілер қауымдастығыныӊ, Қазақстанныӊ фермерлер одағыныӊ, Қазақстанныӊ жылыжайлар қауымдастығыныӊ, Қазақстанныӊ сауда жасаушы кәсіпорындарыныӊ қауымдастығыныӊ, Қазақстанныӊ халықаралық сауда биржасыныӊ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қоллау қоры" АҚ өкілдері белсене қатысатын болады.

Конференцияға жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер; көтерме және бөлшек сауда өкілдері; Қазақстанныӊ жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаушылары және әлемніӊ басқа елдерініӊ әлеуетті өнім жеткізушілері; МТҚ, ӨҚҚ, тыӊайтқыштарды, көшеттер мен тұқымдық материалдарды жеткізушілер; жеміс-көкөніс өнімдерін жетілдіру және қайта өӊдеу жолдарыныӊ заманауи шешімдерін ұсынушы компаниялар; қаржы және инвестициялық ұйымдар; арнайы мамандандырылған БАҚ және т.б. қатысады.

"Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниялар тобына кіреді. "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамыныӊ стратегиялық қызметі агробизнес субъектілеріне қолжетімді ақпараттық-маркетингтік әрі кеӊестік көмек беру арқылы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенініӊ бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

"ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасыныӊ АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған. Холдинг құрамына енетін еншілес акционерлік қоғамдар: "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны