16.09.2011, 17:28 3682

Hambledon Mining компаниясы Akmola Gold сатып алмақ

Алтын өндірісімен айналысатын Hambledon Mining британдық компаниясы бүгін Қазақстанда "Ақмола Голд" ЖШС мен екі жаңа алтын-кен жобаларының 100% акциясын сатып алу жөнінде келісім ұсынды, деп хабарлайды lse.co.uk.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Hambledon Mining компаниясы Akmola Gold сатып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алтын өндірісімен айналысатын Hambledon Mining британдық компаниясы бүгін Қазақстанда "Ақмола Голд" ЖШС мен екі жаңа алтын-кен жобаларының 100% акциясын сатып алу жөнінде келісім ұсынды, деп хабарлайды lse.co.uk.

Портал мәліметтері бойынша, келісімнің жалпы құны 5 млн долларды құраған. Соманың жартысы қолма-қол ақшамен, қалған жартысы акциямен төленетіп болады.

Телур мен Степок кен орындарының біріккен қазба қоры 440 мың унция алтынға тең.

Кен орындарының жақын орналасуы өндірілген қазба байлықтарын қазіргі уақытта қанатын жайып келе жатқан "Секисовская" шахтасында өңдеуге мүмкіндік береді. Алдын ала болжам бойынша, 2016 жылы өнімділік көрсеткіші жылына 100 мың унцияны құрайтын болады.

Hambledon Mining компаниясының басшысы Тим Дэфферннің айтып өткеніндей, "жаңадан сатып алынған жобалар сапа жағынан "Секисовская" шахтасына жақын". Оның сөзіне қарағанда, алтын өндірісін бес жыл ішінде бірнеше есеге жоғарылату жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны