25.02.2008, 14:05 2927

Индустрия министрлігі көкөніс бағасын тұрақтандыруға қатысты бірқатар шараларды ұсынды

Индустрия министрлігі көкөніс бағасын тұрақтандыруға қатысты бірқатар шараларды ұсынды

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрлігі жеміс пен көкөніс бағасын тұрақтандыруға қатысты бірқатар шараларды ұсынды. Осы жөніндегі ұсыныстарды бүгін өткен үкіметтің селекторлық жиынында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімшіліктері ірі сауда нысандарының басшылығымен жеміс және көкөніс өнімдерін сатуға арналған сауда орындарын жалға алу құнын төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қоюы қажет және оны бүгін іске асыру қажет", -деп мәлімдеді В. Школьник.

Оның айтуынша, меморандумдарда "жалға алу ақысын төмендеткен, сауда алаңдарының аумағын кеңейткен жағдайда сатушылардың өздері жеміс және көкөніс өнімдерінің бағасын арзандататындай шарттарды қарастыру керек".

Бұған қоса "коммуналдық базарлардың әкімшілігі өңірді жеміс және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша жауапкершілік белгілеу мәселесін де қарастыруға болады", деді министр.

"Коммуналдық базарлар 10-15 наурыздан бастап сауда орындарын жалға алу ақысын осындай базар қызметкерлерінің жалақысын төлеуге жеткілікті болатын деңгейге дейін азайта отырып, сырттан әкеліген жеміс және көкөніс өнімдерін сатуға артық орын бөлуге тырысуы керек", - деді В. Школьник.

Сондай-ақ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімшіліктері 2008 жылға және 2009 жылдың бірінші тоқсанына "әрбір өңірдегі негізгі топқа жататын жеміс және көкөніс өнімдерін тұтыну мөлшерін айқындауы қажет".

"Біздің пайымдауымызша, Қаржы министрлігі импорттық жеміс және көкөніс өнімдерінің құнын айқындауда шартты бағаларды пайдалану тетіктерін қпайта қарауы қажет және орынды", - деді министр.

"Мысал келтіретін болсақ, сатушылар болгар бұрышын 4 сомға сатуға дайын, Ал 4 сом - 14 теңгеге тең. Біздің кеден 40 теңге деген шартты бағаны белгілейді, бұған 13% Қосалқы құн салығын есептейді, сол себепті сатушылар 14 теңгенің орнына алдын-ала 40 теңге деген бағаны белгілейді", - деді ол.

Бұған қоса В. Школьник елімізге енгізілетін жеміс және көкөніс өнімдері "бірінші кезекте" рәсімдеу қажет, дегенді атап көрсетті.

"Бұл шаралар нарықты тұрақтандыруға көмектеседі", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны