12.06.2009, 14:30 2968

Индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша барлық ресурстар жұмылдырылған жағдайда Қазақстан экономикасы $50 млрд көлемінде қосылған құнға ие болады - Назарбаев

Индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша барлық ресурстар жұмылдырылған жағдайда Қазақстан экономикасы $50 млрд көлемінде қосылған құнға ие болады - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша барлық ресурстар жұмылдырылған жағдайда Қазақстан экономикасы $50 млрд көлемінде қосылған құнға ие болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Келесі жылдан бастап біз елімізді жеделдете индустриялық-инновациялық дамытудың бес жылдық жоспарын іске асыруға кірісеміз", - деді Н. Назарбаев.

Бұл жоспардың басым бағыттарына агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары, мұнай өңдеу және сервистік қызметтер, металлургия, химия және фармацевтика, энергетика және инфрақұрылым секторларын дамыту жатады.

"Жоғарыда аталған бағыттар бойынша барлық ресурстар тепе-тең жұмылдырылған жағдайда ел экономикасы $50 млрд көлемінде қосылған құнға ие болады. Бұл - іс жүзінде Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 50%", - деді президент.

"Біз ойға алған бағдарламаның бір маңызды факторының бірі қаржылық ресурстарды жұмылдырумен қатар оны іске асыруға шетелдік инвесторларды белсенді тарту болмақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны