15.05.2009, 17:29 2841

Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту Қазақстанда қосылған құнды 63%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс - Назарбаев

Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту Қазақстанда қосылған құнды 63%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс - Назарбаев

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту Қазақстанда қосылған құнды 63%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жоспарымыздың жүзеге асырылуы Қазақстанда қосылған құнды 63%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс ", - деді Н. Назарбаев.

"Біз Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға дейін жететін Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік автожол дәлізін құруға кірістік. Тиісті келісімдер жасалды. Халықаралық бес қаржылық институт оған $3,5 млрд қаржы бере бастады. Жолдың 3,5 мың шақырымы еліміз арқылы өтеді. 2010 жылы бұл жоба 50 мың жаңа жұмыс орнын құрады деп күтілуде, еліміздің ауқымды транзиттік мүмкіндіктері іске қосылады", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жол еліміздің халық ең тығыз қоныстанған төрт өңірі арқылы өтіп, іскерлік белсенділікті жандандырады. "Мыңдаған кәсіпкерге жұмыс табылады", - деді президент.

Басқа инфрақұрылымдық жобалардың қатарында Елбасы Қорғас - Жетіген темір жолын да атады. Оның айтуынша, "бұл -Қытаймен байланыстатын үлкен мүмкіндік".

Ол Қазақстан экономикасының дамуына септігін тигізетін тағы бір инфрақұрылымдық жоба ретінде "елімізде сандық телевидениені енгізу мен жекелеген жабдық түрлерін елімізде өндіруді" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны