12.05.2009, 14:32 1568

Инвесторлар мемлекет кепілдік берген жағдайда Қазақстанда ұшақтар паркін жаңалауға несие беруге дайын

Инвесторлар мемлекет кепілдік берген жағдайда Қазақстанда ұшақтар паркін жаңалауға несие беруге дайын

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Инвестициялық компаниялар мемлекет кепілдік берген жағдайда Қазақстанда ұшақтар паркін жаңалауға 42 млрд теңгеге дейінгі көлемде несие беруге дайын. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 жылдың сәуір айында еуропалық комиссия Қазақстанның алты әуекомпаниясын қазіргі заманғы техникалық стандарттарға сәйкес келмеуге байланысты Еуропалық Одақтың әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынған әуекомпанияларының тізіміне енгізді", - деді Ибілғазы Құсайынов.

Оның хабарлауынша, "ағымдағы жылдың сәуір йында жүргізілген жоспарлы тексеру кезінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының беделді комиссиясы халықаралық қауіпсіздік стандарттарының ұшақтармен қамтамасыз ету жөніндегі талабын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті". "Осыған байланысты келесі жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның 47 ұшағы пайдалануға жіберілмейді", -деді Ибілғазы Құсайынов.

"Ұшақтар паркін жаңалауға қажетті инвестициялар көлемі 2010 - 2011 жылдары 42 млрд теңгені құрайды. Инвестициялық компаниялар мемлекет кепілдік берген жағдайда несие беруге дайын. Осыған сәйкес қолдау көрсетуді сұраймыз", -деді министр үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны