24.04.2009, 18:15 3260

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа пайыздық ставкалар банктердің қарыз берген бүкіл мерзіміне жарамды - "Самұрық-Қазына"

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа пайыздық ставкалар банктердің қарыз берген бүкіл мерзіміне жарамды - "Самұрық-Қазына"

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа пайыздық ставкалар банктердің қарыз берген бүкіл мерзіміне жарамды. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры банктердің азаматтармен ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін түзетін қосымша келісімдерде пайыздық көрсеткіштерді өзгерту жайлы бөлімді қосуын негізсіз деп есептейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор мәлімдемесіне сәйкес, "Самұрық-Қазына" Қоры бұл әрекеттердің бұрыс екенін мәлімдейді. Өйткені, жаңа пайыздық ставкалар (9, 11 пайыз) банктердің қарыз берген бүкіл мерзіміне жарамды. Сондықтан, банк ол пайыздық көрсеткіштерді өз қарауына қарай өзгерте алмайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан үкіметінің 2009 жылдың 17-ақпанындағы №179-шы қаулысына сай "Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың кейбір мәселелеріне байланысты" және де 14-сәуірдегі үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, азаматтар өздері алған несиені әлеуметтік несие бойынша 9 пайызбен, жалпы несие бойынша 11 пайызбен қайта қаржыландыруға мүмкіндік алған.

"Түсіп жатқан арыз-шағымдарды сараптай келе, кей банктердің "үш жылдан соң өзіміз біржақты пайыздық көрсеткіштерді арттырамыз" деген шарт қойып жатқанын біліп отырмыз", делоінген хабарламада .

"Самұрық-Қазына" қоры мен банктер арасындағы келісімдерде "егер де банк бөлінген қаржыны дұрыс бағытта пайдаланбаса, қор банктерге салым ретінде салынған ақшаны, қандай да бір бөлігін қайтарып алады" делінген бап бар. Бірақ, үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасына сай азаматтардың ипотекалық несиесін қайта қаржыландыру үшін бөлінген қаржыны қор мерзімінен бұрын қайтарып алмайды.

"Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыратын бағдарламаға қатысушы серіктес-банктерді бірігіп атқарып жатқан әлеуметтік маңызды миссиясына барынша жауапкершілікпен қарауға: ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға бөлініп жатқан ақшаны сол мақсатқа жұмсауына, қарыз алушылардың мойнына бүкіл жауапкершілікті артып қоймауға шақырамыз",- деді "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқарушы директоры - басқарма мүшесі Қайрат Ийтекенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны