08.06.2006, 09:50 3103

Иран өз мұнайын экспортқа шығару үшін Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қосылуы мүмкін

БАКУ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Иран өз мұнайын экспортқа шығару үшін Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Бакуде өткен Caspian Oil&Gas-2006 атты 13-конференцияда Иранның мұнай министрлігінің өкілі Махмуд Хагани мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Иран Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде барлау жұмыстарын жүргізуде, егер жұмыстар жемісті болған жағдайда біз өз мұнайымыздың бір бөлігін Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мүмкіндігін қарастыра аламыз. Біз осы бағытта келіссөздер жүргізе аламыз. Бұл жерде операцияның экономикалық тиімділігі негізгі роль атқарады”,- деді М.Хагани.

Иран өзінің мұнай қорына қарай дүниежүзінде Сауд Арабиясынан кейін екінші орын, газ қорына қарай Ресейден кейін екінші орын иемденеді. Көмірсутегі қорын арттыру әлеуеті жоғары. “Сауд Арабиясы қазір өз мүмкіндігіне сай мұнай өндіруде. Ал Иранның әлеуеті бар. Бірақ инвестициялар мен технологиялар қажет”,- деді Иранның мұнай министрлігінің өкілі.

Қазір Иранда тәулігіне 4 млн. баррель мұнай, 70-80 млн. текше метр газ өндіріледі. “2030-жылы біз мұнай өндіру көлемін 7 млн. баррельге дейін, ал газ өндіру көлемін 155 млн. текше метрге дейін арттыра аламыз. Бірақ ол үшін 160 млрд. доллар қаржы қажет”,- деді М.Хагани.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны