Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді - А. Мамин
Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды.
Геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады.
Қазақстанда 2020-2021 жылдары 6 785 километр канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылыстары қайта жаңартылады.
Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру 2020-2021 жылдары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шамамен 274 млрд теңге көзделген. 88 мың жұмыс орны құрылады, оған құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі 11 мың жұмыс орны және 77 мың тұрақты жұмыс орны кіреді.
Осы айналымға енгізілетін жерлердегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылына 165 млрд теңгені құрайды және сауда, өнімді өңдеу, мал шаруашылығы салаларында мультипликативтік әсер етеді.
"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 1,5 млн гектардан 3 млн га дейін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін атап өтті", - деді А. Мамин.
Премьер-Министр суармалы жерлердің инфрақұрылымын ауқымды түрде кеңейту агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі серпін беретінін, ол ел экономикасының құрылымында маңызды секторға айналуы тиіс екенін атап айтты.
"Қабылданатын шаралар 2024 жылға қарай жеміс-көкөніс өнімдері бойынша импортты жүз пайыз алмастыруға мүмкіндік жасайды", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы экология, ауыл шаруашылығы министрліктеріне, әкімдіктерге ирригациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жобаларын іске асыруды тездетіп бастауды, сондай-ақ қаражаттың тиімді игерілуіне тиісінше бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуі қажет.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, пайдалануға берілетін суармалы жерлерді барынша және сөзсіз игеру бойынша жұмыс жүргізсін. Өңірлер жер учаскелерін уақытында бөлу, фермерлік алқаптарға қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет", - деді А. Мамин.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайтуға ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Сингапур Қазақстан экономикасына 1,4 млрд астам инвестиция салды
Біз - уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, ИТ-технологияр саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын пайдалануды жоспарлап отыр
Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатысуға дайын
Бүгінде Қазақстаннан Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан арқылы және одан әрі теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жаңа мультимодальды экспорттық бағыттарды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа бағыт KTZ Express-тің қатысуымен ұйымдастырылды. Экспорттаушы - қазақстандық Bio Synergy co, жүктерді жеткізу бойынша серіктес - пәкістандық National Logistics Cell (NLC). Қазіргі уақытта Павлодар облысында жүк тиеу басталды. Бұл - алюминий силикатты қуыс микросфера. Алматыда жүк контейнерлерге тиеліп, пәкістандық серіктес машиналарына ауыстырылады. Әрі қарай автокөлікпен Өзбекстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанның Карачи портына дейін жеткізіледі. Ол жерден екі контейнер теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жөнелтіледі", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.04.2024, 12:37Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі 25.04.2024, 18:14 120996Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады26.04.2024, 17:09 112826Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 112531"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:36 101301Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
24.04.2024, 18:17 155451Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153696Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150656Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 129451Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі04.04.2024, 16:35 122576Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды