10.06.2014, 21:12 3222

ИЖТМ 2019 жылы шикізаттық емес экспорт көлемінің 1,1 есеге өсетінін болжауда

"Біздің тауар экспортындағы алғашқы 15 түр - мұнай, метал, бидайдан басталады. Бұл үшеуі жалпы көрсеткіштің 90 пайызын құрайды. Ал біздің бүгінгі таңда әлемнің 121 еліне 900 тауар түрін сатып отырғанымыз анық. Біз бүгінде шетелге локомотив сата бастадық. Бұл көлік өндірісіне де серпін береді", - дейді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2019 жылы шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің 1,1 есеге өсетінін болжап отыр.

"Экспортты мемлекеттік қолдау құралын іске асыру 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылы шикізаттық емес экспорт көлемінің 1,1 есеге өсуіне жол ашып отыр. Бұл ҮИИД МБ-2 мақсатты көрсеткішінің орындалғанын білдірсе керек", - деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар, бүгін Үкімет отырысында шикізаттық емес секторды дамыту мәселелері қаралды.

"Біздің тауар экспортындағы алғашқы 15 түр - мұнай, метал, бидайдан басталады. Бұл үшеуі жалпы көрсеткіштің 90 пайызын құрайды. Ал біздің бүгінгі таңда әлемнің 121 еліне 900 тауар түрін сатып отырғанымыз анық. Біз бүгінде шетелге локомотив сата бастадық. Бұл көлік өндірісіне де серпін береді", - дейді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде.

Жалпы, 2015-2019 жылдарға арналған экспортты қолдау құралдарының жалпы бюджеті 19 млрд теңгені құрайды.

"Қазіргі таңда энергия үнемдеуде барлық заңнамалық-нормативтік база дайындалды. Энергоаудит институты құрылды. Бүгінде мұнымен 51 фирма айналысуда. 2008 жылмен салыстырғанда ЖІӨ қуат сиымдылығы 13%-ға азайды. Бұл экономика құрылымдарындағы өзгерістерге байланысты болса керек. Бүгін Үкімет отырысында осы процесті жеделдететін қосымша заңнамалық өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны