07.05.2008, 13:56 1147

Израиль Изербайжанның газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Израиль Изербайжанның газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Баку. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Израиль үкіметі болашақта Изербайжан газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды деп мәлім етті Израильдің Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Артур Ленк Каспий ықпалдасу іскерлік клубының (CIBC) отырысында.

"Изербайжан және Израильдің сарапшылары азербайжан газының Еуропаға экспорттау мәселесін жиі талқылауда. Болашақта Изербайжан газы Израильге экспортталуы да мүмкін ", - деді елші.

Елші хабарлағанындай, бүгінгі кезде Изербайжан мен Израиль арасындағы мұнай секторын есептемегенде тауар айналымы $80 млн құрайды, ал Изербайжаннан Израильге импортталатын мұнай көлемі $1 млрд асады.

Оның сөздері бойынша, тауар айналымының үлкен бөлігін Израильдің сатып алып отырған мұнай құрайды. Ал мұнайдан басқа секторлар бойынша Изербайжан Изральден жоғары технологияларды сатып алады. Сонымен бірге медицина, құрылыс, энергетика саласындағы ынтымақтастық дамытылуда.

"Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырын салуға дейін Израиль Изербайжанның мұнайын сатып алып отырған ірі тұтынушысы болған.

Енді Изербайжан мұнайы Жейханда сатылып отыр, бұл Израильден 600 шақырым жерде. Бұл әзербайжан мұнайын көп көлемде сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Изербайжанның қара алтынын Израильдің аумағы арқылы Азияның басқа мемлекеттеріне тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері бар", - деп атап өтті А. Ленк.

Ол атап өткеніндей, Израиль Изербайжанмен телекоммуникация, құрылыс, өндіріс және экономиканың барлық салалары бойынша ынтымақтастық жасауға дайын.

Оның сөздеріне қарағанда келесі аптада Бакуге Израильдің ауыл шаруашылық министрі Шалом Симхон келіп, аграрлық секторда тәжірибе алмасу мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

Елші Изербайжан және Израильдің бизнес қауымдастықтары арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамуына қолғабыс жасауға дайын екендігін айтты.

"Изербайжан мен Израиль геосаяси жағдайы күрделі аумақтарда орналасқан. Екі ел Еуропа және АҚШ- пен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі, екі мемлекет қарқынды экономикалық дамуға қол жеткізуге талпынып, бейбітшілікті қалайды ", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны