22.07.2014, 19:46 3663

Қ.Келімбетов: 100 млрд теңгеден астам капиталға ие банктер халық депозитіне шексіз қолжетімділікке ие болады

Егер банктер тез арада 100 млрд теңгеге дейінгі капиталға жете алса, төмендегі градация қабылданатын болады: егер банк капиталы 30 млрд теңгеге дейін өсетін болса, онда банк 30 және 50 млрд теңге көлеміндегі халықтың депозитін қабылдай алады. Егер капитал 50 млрд теңгеге жететін болса, ол кезде 50-75 млрд теңгеге дейінгі халық депозитін қабылдау мүмкіндігіне ие болмақ.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. 100 млрд теңгеден астам капиталға ие банктер халық депозитіне шексіз қолжетімділікке ие болады, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда халықтың депозитіне шексіз қолжетімділікке ие банктердің саны 8. Егер банктер тез арада 100 млрд теңгеге дейінгі капиталға жете алса, төмендегі градация қабылданатын болады: егер банк капиталы 30 млрд теңгеге дейін өсетін болса, онда банк 30 және 50 млрд теңге көлеміндегі халықтың депозитін қабылдай алады. Егер капитал 50 млрд теңгеге жететін болса, ол кезде 50-75 млрд теңгеге дейінгі халық депозитін қабылдау мүмкіндігіне ие болмақ. Ал капитал құны 75 млрд теңге болса, ол кезде 75-100 млрд теңгеге дейінгі депозитті қабылдайды. Ал егер капитал 100 млрд теңгеден асса, онда депозит қабылдауға банкке шектеу қойылмайды.

"Өздерінің капиталдарын өсіре алмайтын банктер өздерінің бизнес стратегияларына иелік ете отырып 10 млрд теңгеге дейінгі депозит қабылдай алады. Бұл ереже, біздің ойымызша, біздің нарықты құрылымдауға мүмкіндік беріп, нарыққа жаңа қатысушылардың енуіне жол ашып, қазіргі жұмыс істеп тұрғандардың да еңбегінің жеміс беруіне жағдай жасамақ", - дейді Қ.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны