14.02.2014, 19:21 3349

Қ. Келімбетов Ұлттық банктің теңге бағамын өзгерту себептерін айтты

Қ. Келімбетов айтқандай, "2014 жылдың қаңтарында ресейлік рубль бағамының өзгеру тенденциясы жалғасты, бұл Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін түсіруге әсер ететін еді".

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық банктің теңге бағамын өзгерту себептерін айтты.

"Аталмыш шешімді қабылдауға бірнеше себеп әсер етті. Біріншіден, 2013 жылы АҚШ доллары Аргентина, Түркия, Бразилия, Ресей, Чили, Беларусь, Үндістан , Индонезия и БАИ сынды дамыған елдерге қарасты тұрақтылығын күшейтті. 2014 жылдың басынан бастап, АҚШ-тағы сандық бағдарламалардың қысқаруы дамыған елдер капиталына байланысты доллардың құн бағамы күшейді", - деді Қ. Келімбетов.

Екіншіден, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, ресей рубль бағамының белгісіздігі басымдыққа шықты.

"Ресей Ұлттық банкінің 2013 бағамның өзгеру саясатына байланысты 2013 жылы ресейлік рубль долларға қарағанда 7 пайызға төмендеді", - деді ол.

Қ. Келімбетов айтқандай, "2014 жылдың қаңтарында ресейлік рубль бағамының өзгеру тенденциясы жалғасты, бұл Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін түсіруге әсер ететін еді".

"Үшіншіден, төлем балансының жағдайы. Ағымдағы төлемдердің жағдайы оң болғанымен, импорттың өсуі байқалады. Оң баланс ағымы 2013 жылы жарты миллион АҚШ долларына қысқарды, 2012 жылдық көрсеткіш 118 млн долларға 640 млн долларға қарсы тұрғандағы есеп", - деді Қ. Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны