04.11.2019, 16:37 10866

Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлеуге қол жеткізді

Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасуда және ерекше бақылауға алынды.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлеуге қол жеткізді.

Ақмола облысы прокурорының атына "Элеватормельмонтаж" ЖШС қызметкерлерінен алғыс хат келіп түсті, онда олар Көкшетау қаласы прокуратурасының қызметкерлеріне жалақы бойынша берешектерін төлеуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Сонымен, "Элеватормельмонтаж ПКФ" ЖШС-те 2017 жылдан бастап 24 қызметкердің алдында жалақысы бойынша 6,5 млн. теңге сомасына қарыз пайда болды. Прокуратура қабылдаған шаралардың арқасында аталған қарызды толық көлемде өтеді.

Сонымен қатар, "Имарко" ЖШС банкроттық кәсіпорынның (2017 жылдан бастап банкрот) қызметкері алдындағы 400 мың теңге сомасындағы мерзімі өткен берешегі өтелді.

"Есіл ӘКК"АҚ-ның 53 жұмыскердің алдындағы 8,5 млн. теңге сомасындағы ағымдағы қарыз даназардан тыс қалмады.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының прокуратурасы мен мемлекеттік органдарының бірлескен күштері арқылы 3 кәсіпорынның 78 қызметкері алдындағы жалпы сомасы 15,5 млн. теңге жалақы бойынша қарызы өтелді.

Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасуда және ерекше бақылауға алынды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны