09.01.2014, 20:07 2979

Қарағанды облысында 2014 жылы мал шаруашылығын дамыту бойынша екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 2014 жылы мал шаруашылығының екі жобасын іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 2014 жылы мал шаруашылығының екі жобасын іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Қазіргі таңда 2014 жылға "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Суықсу ауылындағы "Арғымақ" ШҚ мен Ақжар ауылындағы "Ұлан" ШҚ-да мал шаруашылығын дамыту жобалары жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Жалпы, Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына Бұқар-Жырау ауданынан жалпы құны 7 млрд 814,8 млн теңгенің 6 жобасы енгізілді. Нәтижесінде 769 жаңа жұмыс орны ашылды.

Айта кету керек, аталмыш инвестициялық жобалардың іске асырылуы 2010-2013 жылдар аралығында 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Сәйкесінше жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі де артты.

"Сау тағамдар" ЖШС "Құс фабрикасы құрылысы" жобасын іске асырылуда. Жобаның жалпы құны 2 млрд 153 млн теңгені құрайды, ондағы жаңадан ашылған жұмыс орны саны 180-ді құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны