27.05.2009, 16:54 2756

Қарағанды облысында 500 кВ-тық жоғары кернеулі "Ағадыр - ЮКГРЭС" желісі пайдалануға берілді

Қарағанды облысында 500 кВ-тық жоғары кернеулі "Ағадыр - ЮКГРЭС" желісі пайдалануға берілді

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 500 кВ-тық жоғары кернеулі "Ағадыр - ЮКГРЭС" желісі пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "KEGOC" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы" АҚ (KEGOC) "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан "Солтүстік-Оңтүстік" транзиттік желісінің 500 киловольттық екінші электр жалғастыру желісін тарту" жобасының кезекті кезеңін табысты аяқтады. 2009 жылдың 27 мамырында Қарағанды облысының "Ағадыр" подстанциясында Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен 500 кВ-тық жоғары кернеулі "Ағадыр - ЮКГРЭС" желісі салтанатты жағдайда іске қосылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, желінің бұл бөлігін іске қосу "Солтүстік-Оңтүстік" транзиттік желісінің өткізгіштік қабілетін 180 мегаватқа арттыру арқылы елдің оңтүстігі мен Алматыны электрмен қамтамасыз ету сенімділігін күшейте түседі. "KEGOC" АҚ президенті Қанат Бозымбаевтың айтуынша, серпінді жобаны 2009 жылдың қарашасында бітіру жоспарланған. Ұзындығы 386 шақырым болатын "Ағадыр - ЮКГРЭС" желісі 2007 жылы тартыла бастаған. Жобаның жалпы құны 43,6 млрд теңгені құрайды. Оны қаржыландыру үшін "KEGOC" Халықаралық қайта құру және даму, Еуропалық қайта құру және даму, Қазақстанның Даму банктерімен несиелік шартқа отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны