04.12.2013, 18:36 9739

Қарағанды облысындағы 5 шаруашылық "Мурабаха" несие бағдарламасы бойынша сүтті сиыр сатып алды

"ІҚМ сатып алуды несиелеу келесі талаптар бойынша орындалады: қарыз сомасы - 3 млн. 750 мың теңгеге дейін, мерзімі - 4 жылға дейін, табыстылық үстемесі - 9,5%-дан аспайды", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары Мәдияр Тұңғышбеков.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қарағанды облысының Шет ауданындағы 5 шаруашылық "Мурабаха" несие бағдарламасы бойынша симментал тұқымды 40 сүтті сиыр сатып алды. Қаржыландыруды "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ жүргізуде. Өткен аптада мал Шет ауданының Бұрма ауылына жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan today "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан бір ай бұрын ауданда өткен семинар-жиналыста сүт кластерінің жүзеге асырылу мәселелері талқыланған болатын. Жобаны "Агробизнес - 2020" бағдарламасының шеңберінде пилоттық режимде Қарағанды әкімдігі, "Нәтиже" ЖШС өндіруші компаниясы мен Қор бірлесе жүзеге асырады.

Қаржыландыру барысында қордың "Мурабаха" исламдық несиелеу бағдарламасымен қатар "Жұмыспен қамту - 2020" Жол картасы бойынша шағын несиелеу де пайдаланылуда.

Сонымен қатар, "Мурабаха" бойынша сүтті тасымалдауды несиелеу жүйесі қарастырылған: қарыз алушы сүт тасымалдайтын көлікті бөліп-бөліп төлеуге сатып алады және "Нәтиже" компаниясымен жасалған келісім-шарт бойынша сүтті жинап, қабылдау пункттеріне жеткізеді.

"ІҚМ сатып алуды несиелеу келесі талаптар бойынша орындалады: қарыз сомасы - 3 млн. 750 мың теңгеге дейін, мерзімі - 4 жылға дейін, табыстылық үстемесі - 9,5%-дан аспайды", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары Мәдияр Тұңғышбеков.

"Талаптарға сәйкес келетін жағдайда 1 мал басына берілетін мемлекеттік субсидия 118 мың теңгені құрайды. Бір асыл тұқымды бастың өнімділігі тұқымды емес малмен салыстырсақ, 3 есе жоғары. Сондықтан, бұл жоба шаруалар үшін өте тиімді болады деп сенемін",- деді ол.

Жобада сүт өңдеушілеріне бөлінетін мемлекеттік қолдау шаралары да ескерілген. Мемлекет сүтті тұқымды ІҚМ жас малын сатып алуға, селекциялық және асыл-тұқымды жұмыстарын жүргізуді арзандатуға, аналық мал басын сапасын көтеруге бағытталған субсидия береді. Сондай-ақ, мемлекеттік субсидиялардың көмегімен бұқа-өндірушілерінің бағаланған ұрықтың бағасы мен эмбриондарды трансплантациялау бағасын төмендетуге болады. Сонымен қатар, ІҚМ аналық басын қоректендіру үшін қара азық пен мәйекті мал азығының бағасы субсидия арқылы арзандатылады.

"Жалпы, аудан бойынша қаржыландыру сомасы 19 млн. 250 мың теңгені құрайды", - деді М.Тұңғышбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны